KZ
KZ RU
21 қыркүйек 2015 15:53

«Астана» - «Галатасарай» матчы билеттерінің сатылымы жөнінде ақпарат

21 қыркүйек 2015 15:53
«Астана» футбол клубының Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өз алаңында өткізетін матчтарының билеттерінің онлайн-сатылымы 21 қыркүйектен басталады. Алыпсатарлыққа жол бермеу үшін билеттердің басым бөлігі онлайн режимде сатылады. Бір банкалық карта мен электронды мекенжайға 4 билеттен беріледі. Яғни, бір қолға сатылатын билеттің саны шектелген. Енді кезекте ұзақ тұрудың қажеті жоқ. Ұялы телефон, планшет, компьютер арқылы алдағы матчтың билеттерін сатып алуға болады. Онлайн-сатылымның серіктесі «Тикетон» жүйесі. «Билетті сатып алу» батырмасын келесі интернет ресурстардан табуға болады: www.ticketon.kzwww.vesti.kzwww.sports.kzwww.fca.kz.
 
Билеттің бағасы УЕФА өкілдерінің кеңесі бойынша белгіленді. Түркиялық «Галатасарай» мен португалиялық «Бенфика» матчтарында билеттің бағасы 2000-10000 теңге аралығында болмақ. Ал мадридтік «Атлетико» командасымен өтетін ойында ең қымбат билет - 12 000 теңге. VIP орындарға жеке баға қарастырылған. Билетті қолдан жасау мүмкін емес. Қорғаныстың үш түрі бар. Стадионға кіретін тұста арнайы құрылғымен тексеріледі.
 
Сатылымға бірден үш матчтың билеті түседі. Бұл арқылы жанкүйерлер алдын ала ыңғайлы орындарды таңдап, сатып ала алады. Онлайн режимде билет сатып алған жанкүйердің электронды поштасына QR-КОД келеді. Бұл код арқылы үш орталықтан (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) УЕФА Чемпиондар Лигасының билетін шығарып алуға болады.
 
Ұйымдастырушылар матч уақытында қызмет көрсетуді жақсарта түспек. «KFC» және «Family Food» компаниялары 30 000 жанкүйерге тамақ әзірлеуге дайын.  
 
Матч Астана уақыты бойынша 22.00-де басталады. Бұл кеште көлікті үйде қалдыруға да болады. Өйткені, жанкүйерлерді «Астана Арена» стадионына автобустар  жеткізеді. Матч аяқталғаннан қалаға алып келеді. Бұл арқылы спорт кешеніне жақын маңда көлік аялдамасын іздеуге уақыт жоғалтпайсыз.  30 қыркүйек күні, сағат 19.00-де автобуста жанкүйерлерді келесі мекенжайлар бойынша күтеді.  
 
1.      «Қазақстан» СК
2.      Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион
3.      «Нұр-Астана» мешіті
4.      Салтанат Сарайы