23 ақпан 2012 19:12
«Астана» Латвия чемпионымен кездеседі
23 ақпан 2012 19:12
"Вентспилс" осымен төртінші рет ел чемпионы атанған. Бұдан бөлек бес рет күміс, бес рет қола жүлдегер атанған. Латвия кубогін де бес мәрте жеңді. 2011 жылы Европа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, Сербияның "Црвена Звезда" клубына жол берген.
Латвия чемпионына қарсы "Астананың" он ойыншысы ойнай алмайды. Олар ұлттық құрамасы сапында Латвия құрамасына қарсы дайындалуда. Дегенмен, "Вентспилстің" де екі ойыншысы, яғни 25 жасар Виталис Смирновс пен 23 жасар Владимирс Беспаловс Александр Старковтан шақырту алды. Енді бұл екі қорғаушы да Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы ойнайтын болады.
fca.kz
Басқа жаңалықтар