«Астана М» - «Рузаевка» нәтижесінің күші жойылды
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті Екінші лига командалары арасында Қазақстан Біріншілігінің 36-турындағы «Астана М»-«Рузаевка» ойын нәтижесінің күшін жойды.
Жиында келесі шешімдер қабылданды:
Тәртіптік регламенттің 12 бабының төртінші бөлімін бұзып, «Рузаевка» командасының ойыншысы Ислам Иминовтің ойынға қатысқаны үшін Тәртіптік регламенттің 51 бабына сәйкес «Рузаевка» футбол клубына 50 МРП көлемінде, яғни 120 250 теңге айыппұл салынды. «Рузаевка» футбол клубы айыппұлды 2018 жылдың 27 қазанына дейін төлеуі тиіс.
Тәртіптік регламенттің 23 бабына сәйкес «Астана М» мен «Рузаевка» командаларының арасындағы матчтының нәтижесі күшін жойды.
2018 жылдың 24 қыркүйегінде өткен Екінші лига командалары арасында Қазақстан Біріншілігінің 36-турындағы ойында «Рузаевка» командасы 0:3 есебімен жеңіліс есептелді.