KZ
KZ RU
04 сәуір 2012 14:28

"Астана" меморандумға қол қойды

04 сәуір 2012 14:28

 Нақтырақ айтсақ, меморандумға өз қолдарын "Астана" баскетбол клубының директоры Валерий Тихоненко, Қазақстан велосипедшілер федерациясының атқарушы директоры Ален Чайжунусов, "Барыс" хоккей клубы президентінің орынбасары Борис Иванищев және "Астана" футбол клубының президенті Лашын Аймағамбетов қойды.
  Жиында сөз алған "Астана" баскетбол және футбол клубтарының капитандары Рустам Ярғалиев пен Қайрат Нұрдәулетов жетістіктерге жету жолында жанкүйерлердің де септігі орасан екенін айтып өтті. Аталмыш сәтті пайдаланып қалған олар ЕҰУ студенттерін алдағы матчтарда жанкүйер болуға шақыруды да ұмытпады. Сондай-ақ, "Астана" футбол клубы аталмыш оқу ордасының мұражайына футболшылардың қолтаңбалары қойылған жейдені сыйлап, студенттердің көзайымына болатын көрнекті орынға қоюды сұрады.

     Айта кетейік, меморандумға қол қою рәсіміне Қайрат Нұрдәлетовтен бөлек, "Астананың" тағы бір ойыншысы Денис Прокопенко да қатысты. Прокопенко Гумилев атындағы осы орданың үшінші курс оқушысы, бүкіл студент қауымының мақтанышы.
    Ал меморандумның алғашқы нәтижелерін мамыр айының соңында-ақ көретін боламыз. Айта кетейік, бұл уақытта "Астана" футбол клубының жүлдесі үшін студенттер арасындағы турнир ұйымдастырылмақ.


fca.kz