KZ
KZ RU
24 тамыз 2018 01:32

«Астана» мен АПОЭЛ арасындағы алғашқы ойын аяқталды

24 тамыз 2018 01:32
Кипрлік АПОЭЛ мен елордалық «Астана» клубтары УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде алғашқы іріктеу матчын өткізді.  
 
Никосияда өткен ойынның алғашқы кезеңі тең аяқталды. «Астана» мен АПОЭЛ футболшыларының гол салатын сәттері болды. Алайда, есеп аша алмай үзіліске тарасты. Екінші тайм да алма-кезек шабуылдармен есте қалды. Ойынның аяқталуына он минут қалғанда кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол соғылды. Алаң иелері айып добын сәтті пайдаланды. Қазақстандық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылған болатын. Алайда, есеп өзгерген жоқ. 1:0 - АПОЭЛ жеңісі.
 
Қарымта кездесу 30 тамыз күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.