KZ
KZ RU
11 желтоқсан 2017 18:08

Астана португалиялық Спортингпен кездеседі

11 желтоқсан 2017 18:08

Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа Лигасы 1/16 финалынның жеребесі тартылды. Естеріңізге сала кетейік, "Астана" өз тобында екінші орынға ие болып, турнирдың 1/16 финалына өтті.

Бұл кезеңде "Астананың" қарсыласы болып Португалияның 18 мәрте чемпионы "Спортинг" футбол клубы атанды.  

Ойындар 2018 жылдың 15 және 22 ақпанында өтеді. Бірінші ойын еліміздің астанасында ойыналса, ал қарымта кездесу Лиссабон қаласындағы "Жозе Алваладе" стадионында өтпек.