KZ
KZ RU
24 желтоқсан 2012 18:01

"Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы құрылды

24 желтоқсан 2012 18:01

Жиынды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев ашып, осы маңызды жобаға тоқталып, қуатты клуб құрылатындығын мәлімдеді. Одан соң осы клубтың құрамына кіретіндер өзара ынтымақтастық жөніндегі Мемарандумға қол қойды.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубы құрамына кіретіндер:

·         «Барыс» хоккей клубы,

·         «Астана» баскетбол клубы,

·         «Астана» футбол клубы,

·         «Astana-Arlans» кәсіби бокс клубы,

·         «Astana Dakar Team» автоклубы,

·         «Pro Team Astana» велоклубы,

·         «Поло» Қазақстан федерациясы,

·         Су спорты түрлері федерациясы,

·         «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры,

·         «Спорт барша үшін» қоғамдық қоры.

Аталған клубтардың бәрі «Астана» ПКСК құрамына жаңа жыл меркесінен кейін ене бастайды. Тек «Барыс» хоккей клубы мен «Астана» велеклубы ғана сәл кейінірек кіретін болыпты.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының президенті болып, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бекітілді. Ал Бас менеджер қызметінде жаңа құрылатын клубқа Айдар Махметов жетекшілік ететін болады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев жеке жоба бойынша екі дүркін Олимпиада чемпионы, ауыратлет Илья Ильиннің де қаржыландырылатындығын мәлімдеді.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрылуы ел спортын жаңа бағытта дамытып, көкжиегін кеңітіп, спорт саласында «Астана» брендінің абыройын асқақтата беруге ықпал ететін болады. Әрі үлкен спортта ғана нәтже қумай, ізбасарлар спортын да жетілдіре түсуге күш салынбақ.

Енді футболға байланысты жаңалығына аз-кем тоқталайық. "Астана" футбол клубының атынан серіктестік меморандумына клуб президенті Азамат Айтхожин қол қойды. Бұл қадам елордалық клубтың дамуына үлкен серпін беруі тиіс. Тараптар елордадағы футболдың дамуы және "Астана" брендінің таралуы тұрғысында келіссөздер жүргізіп те үлгерді. Жақында осыған байланысты көптеген жобалар қолға алынбақ. Бұл тек бас командаға ғана емес, балалар футболына да қатысты.