KZ
KZ RU
08 шілде 2012 02:22

"Астана" сапында жаңа ойыншылар

08 шілде 2012 02:22

Әңгіме Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұртас Кургулин, Македония құрамасының шабуылшысы Филип Ивановски және черногориялық жартылай қорғаушы Дамир Кояшевич жайлы болып тұр. Соңғысы өз ұлттық құрамасында әлі ойнаған жоқ. Дегенмен, "Астана" командасы арқылы Черногория құрамасына да қадам жасайды деген үміттеміз.

Командаға мықты ойыншылардың келіп жатқаны қуантады. Жақында ғана аяқталған Македония және Черногоия чемпионаттарында Иваноски мен Кояшевич ел чемпиондары атанды. Ал Нұртас Кургулин "Тараз" сапында сәтті ойнап, тіпті команда капитаны болды. Кургулиннің жасы 25-те. Бүкіл футболшылық ғұмырын "Таразға" арнаған. Алдымен фарм-клубта ойнады. Одан кейін негізгі құрамға ауысты. Жалпы премьер-лигада 124 ойын өткізіп, екі голдың авторы атаныпты. Ұлттық құрама жейдесін екі рет киді. Ал жастар құрамасының сапында төрт ойын өткізген. Өткен жылы 33 футболшының қатарынан көрініп, өз қапталында екінші нөмірлі атанған.
Дамир Кояшевичтің де жасы 25-те. Бірақ футболшылық ғұмырында бірнеше клубты ауыстырып үлгерген. "Астанаға" дейін үш елдің алты клубында ойнады. Өз отанында «Дечиц», «Зету» және «Будучность» сынды командаларда өнер көрсетсе, Польшада «Ягеллония» мен «Гурник» (Лечна) клубтарында ойқастады. л Боснияда "Сараево" клубында көсілді. Черногория чемпиондығынан бөлек, Босния біріншілігінің күміс жүлдегері атанған.
Бәрінен де Филип Ивановскидің жүлдесі көп. 27 жасар шабуылшы Македонияның «Работнички», «Македония» және «Вардар», Польшаның «Дикоболия» және «Полония», сондай-ақ Кипрдің «Этникос» клубтарында ойнаған. Жүлде қоры да жетерлік. Македонияның екі дүркін чемпионы, Польшаның суперкубогын екі рет иеленген. Македония және Польша кубогының иегерлері, Македония және Польша біріншіліктерінің жүлдегері.
Жеке жетістіктері де жетерлік. Македонияның соңғы чемпионатында 24 гол соғып, үздік сұрмерген атанған. 2005/06 жылдарда гол саны жөнінен Македонияда екінші орын алған. Ал 2008/09 жылдары Польшада бұл көрсеткішпен төртінші орынға тұрақтаған.
Халықаралық аренада да біраз асуларды бағындырды. Македония ұлттық құрамасының сапында жеті рет алаңға шығып, бір гол, бір нәтижелі пастың авторы атанды. Еурокубокта да жеті рет алаңға шығып, бір гол, бір нәтижелі пас берген.


fca.kz