KZ
KZ RU
08 желтоқсан 2017 01:55

Астана Славиядан басым түсіп, УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына өтті!

08 желтоқсан 2017 01:55

Қазақстан чемпоны еуропалық клубтық УЕФА Еуропа Лигасында жарысты жалғастырады.

Станимир Стоилов шәкірттері сырт алаңда келесі кезеңге өтудегі тікелей бәсекелесі прагалық "Славия" командасын жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Кездесу оңай болмады, бірақ "Астана" бұрыштамадан кейін пайда болған мүмкіндіктен кейін гол соқты. Доптын авторы өтіп жатқан маусымда еурокубоктың топтық кезеңінде өзінің алғашқы голын соққан Марин Аничич атанды.

Қазақстанның футбол клубы топтық кезеңде алғаш рет екінші орынға ие болды. "Астана" (10 ұпай) "Вильярреалдан" тек 1 ұпайға қалып қойды (11 ұпай).

Еуропа Лигасының 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі 11 желтоқсанда швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА штаб-кеңсесінде өтеді. Басталуы Астана уақытымен 18:00-де.

1/16 финал ойындары 2018 жылдың 15 және 22 ақпанында ойналады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы барлық футбол сүйер қауымды отандық клубтың айрықша жеңісімен құттықтайды!