KZ
KZ RU
11 наурыз 2012 14:06

"Астана" соңғы сәтте екі легионерді шақыртты

11 наурыз 2012 14:06

Өзінің футболдық ғұмырында Лазаревски Македонияның "Работнички", "Македония", "Ренова", "Металлург" сынды клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Сербияның "Земун", Хорватияның "Камен Инград", Бельгияның "Дендер" және Албанияның "Беса" сынды клубтарында жасындай жарқылдаған. Осы ұжымдарда ойнай жүріп, Македонияның екі дүркін чемпионы атанған. Македония кубогінің де екі дүркін жеңімпазы. Македония чемпионатының қола жүлдегері және Албания суперкубогінің иегері. "Работнички" және "Беса" сапында 14 ойын өткізіп, бір гол соққан, екі нәтижелі пас шығарған. Македонияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсеткен.
23 жасар Кристиан Эбала Фокси Кетевоаманың бұрынғы командаласы. Бір кездері екеуі Венгрияның "Кечкеметінде ойнаған. Фоксидікі секілді Кристианның да футболдық ғұмыры көбінесе Венгрияда өрбіген екен. Нақты айтсақ, Венгрияның  «Диошдьер», «Уйпешт», «Кечкемет» сынды командаларының намысын қорғапты. "Кечкемет" сапында өткен жылы Венгрияның кубогі мен суперкубогін жеңіп алған. Айтпақшы, өткен жылы бұл футболшы Еуропа лигасында "Ақтөбеге" алаңға шыққан.

fca.kz