KZ
KZ RU
06 қараша 2016 17:20

Астана және Қайрат Қазақстан Кубогының финалына шықты

06 қараша 2016 17:20

Ел Кубогының қазіргі иегері "Қайрат" футболшылары сырт алаңда "Атырау" ойыншыларымен ойнап, 3:0 есебімен жеңді. Голдардың авторлары: Гафуржан Сүйімбаев, Андрей Аршавин және Герсон Асеведо. Алматыда өткен ойында алматылықтар Исламбек Қуат соққан голдың арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан чемпионатының үш дүркін чемпионы "Астана" павлодарлық "Ертісті" қабылдап, 5:3 есебімен жеңе алды. Бірінші ойын 2:1 есебімен астаналықтар пайдасына шешілді.

Қазақстан Кубогының шешуші ойыны қарашаның 19-ы күні өтпек. Матчты тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді.