KZ
KZ RU
07 қаңтар 2014 13:33

«Астана» жаттығуға кірісті

07 қаңтар 2014 13:33

Жаттығулар күніне екі реттен өтеді. Негізгі құрамның ойыншыларымен бірге өз бақтарын дубльдік команданың да бірқатар жігіттері сынап көрмек. Атап айтсақ, қорғаушы Әбілқайыр Исмаилов, жартылай қорғаушылар Азат Смағұлов пен Жұмажан Мұсабеков сынды жастар да Біріккен Араб Әмірліктеріне жол жүрді.

Бұлардан бөлек, командада бапкерлер сынағында екі жаңа футболшы жүр. Олар Серікжан Мұжықов пен Дмитрий Шомко.
 

Жиын қаңтардың 5-і мен 20-сы аралығында өтеді. Осы аралықта "Астана" үш жолдастық бақылау кездесуін өткізбек.