KZ
KZ RU
03 қараша 2017 17:22

Астана жоғары деңгей мен өр мінез көрсетті! - Азамат Айтқожин

03 қараша 2017 17:22
Елордалық клуб УЕФА Лига Еуропа топтық кезеңінің аясында сырт алаңда "Маккаби" (Тель-Авив) командасын жеңді.
 
Ойынның нәтижесі туралы өз ойын Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Азамат Айтқожин білдірді.
 
"Астананы" жеңіспен құттықтаймын! Бүгін қазақстандық клуб қиын ойында шеберлік пен өзінің үздік қасиеттерін көрсетті. "Астана Аренада" болған үлкен жеңілістен кейін израильдіктердің өз алаңдарында есе қайтаруға тырысатыны анық болды. Қарсылас тамаша ойын өрнегін көрсеткенін атап айту керек, бірақ біздің команда "Маккабиден" барлық компонентер бойынша мықты болды!
 
Бұл ойында "Астана" тамаша ұйымдасқан оркестр сияқты қимылдады - шет ел ойыншылары қатесіз ойнады, ал қазақстандық футболшылар салқынқандығымен көзге түсті. Бапкерлік штабтың уақытында жасалған өзгерістері жеңісті ойын аяғына дейін сақтап қалуға мүмкіндік жасады.
 
Бүгін қазақстандық клуб күллі әлемге өзі туралы еске салды! "Астана" бұл кездесуден кейін қоржындағы 7 ұпаймен УЕФА Еуропа Лиганың топтық кезеңінен шығып, плей-офф кезеңіне жолдама алуға мүмкіндіктері бар. 4 турдан кейін біздің ұжым "Вильярреалдан" кейін топтағы екінші орында орналасты. Испандық клубтан біздің команда бір ұпайға ғана қалып келуде.   
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және еліміздің барлық клубтары атынан барлық қазақстандықтарды бұл маңызды жеңіспен құттықтаймын!