KZ
KZ RU
08 қазан 2013 15:52

Астанада арбитрларға арналған УЕФА семинары өтті

08 қазан 2013 15:52

Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Шымкент, Тараз, қтөбе, Қостанай және Талдықорған қалаларындағы "Жас төрешілер мектептерінің" ұстаздарының қатысуымен өткен шараны "УЕФА Төрешілер Конвенциясының" Қазақстандағы кураторы Германиядан келген қонағымыз Вильфред Хайтманн жүргізді.

 
Семинардың негізгі тақырыбы отандық ұстаз төрешілерді үйретуге арналды. Қонағымыз төрешілерге дәріс оқып, арасында семинарларға қатысушыларды Германиядағы жас төрешілер мектептерінің тыныс-тіршіліктерімен таныстырып отырды. Одан бөлек, семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып отырды. Ал Хайтманн мырза төрешілердің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
 
- Бұл өте маңызды жоба, - деді ҚФФ Төрешілер және инспекторлар департаментінің басшысы Маттео Трефолини. — Жас төрешілер осындай семинарлар арқылы өседі. Тәжірибелері толысып, біліктіліктері артады. Біз Қазақстан футболын бұдан да биік деңгейге көтереміз.