KZ
KZ RU
03 қараша 2012 15:52

Астанада ҚФФ Жаттықтырушылар кеңесінің алқасы өтті

03 қараша 2012 15:52

Атап айтсақ, мына бапкерлердің жылдық қорытынды есептері тыңдалды.

- Слободан Крчмаревич (Қазақстан жастар құрамасы — U-21)
- Михаил Соловьев (Қазақстан жасөспірімдер құрамасы — U-19)
- Павел Травник (Қазақстан жасөспірімдер құрамасы — U-17)

Бапкерлердің есептік баяндамаларын ҚФФ спорт директоры Анатолий Юревич, ҚФФ спорт директорының орынбасары Қанат Мұсатаев, Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус тыңдады.


Алдарына қойылған тапсырманы орындағандықтары ескеріліп, жастар құрамасының (U-21) өткен маусымдағы өнері қанағаттандырарлық деп бағаланды. Сондай-ақ, ұлттық құрамаға бірнеше футболшыны дайындап берген осы құраманың аға жаттықтырушысы С. Крчмаревичтің еңбегі де ерекше атап өтілді.


Михаил Соловьев жаттықтыратын U-19 және Павел Травник баптаған U-17 құрамаларының өткен маусымдағы өнерлері нашар деп бағаланды.


Жасөспірімдер құрамаларының жүйелік қателіктері де анықталды. Міне, бұл қателіктер Еуро біріншілігі іріктеу додаларында нашар өнер көрсетулеріне басты себепші болған. Сонымен, мынадай қателіктер орын алған:
- Ойындарды ұйымдастыру проблемасы,
- Дайындық барысындағы командалар құрамының жиі өзгеруі,
- Дайындық кезіндегі жолдастық кездесулердің жетіспеушілігі,
- Жасөспірімдер құрамаларындағы қақпашылар проблемасы,
- Тактикалық ойынның деңгейі төмен болуы,
- Шеберлік деңгейінің төмен болуы,
- Жылдамдық және атлетикалық дайындықтың деңгейі төмен болуы.


Аталған жаттықтырушылардың құрама командалардағы алдағы тағдыры кейінірек шешіледі.

 

Фото - Измаил БЗАРОВ