Астанада футбол клубтарының баспасөз қызметкерлерінің медиа-семинары өтті
Оған «Шахтердың» баспасөз хатшысы - Айнара Сыздықова, «Астанадан» - Дмитрий Нестеренко, «Жетісудан» - Ілияс Бияхметов, «Оқжетпестен» - Яна Хабибуллина және Владимир Ловягин, «Қайраттан» - Антон Лысяк, «Ақжайықтан» - Екатерина Ишутина, «Тоболдан» - Константин Должанский, «Ертістен» - Дастан Исаханов, Әділет Сәрсенбеков және Ғалымбек Байкен, «Тараздан» - Айбол Қарашев, «Қызыл-Жардан» - Сергей Игнатов, «Қыраннан» - Бағила Елікбаева және «Қайсардың» баспасөз қызметшісі Шыңғыс Уәлиханұлы қатысты.
Семинарда спикерлер ретінде ҚКФЛ-дың баспасөз бөлімінің жетекшісі Олег Кунгуров және Лиганың медиа-офицері Ренат Сууров сөз сөйледі. Клубтардың және БАҚ арасында қарым-қатынасының мәселелері қозғалды және 2016 жылғы чемпионаттың Регламентіндегі өзгерулері талқыланды. Медиа-офицерлерге телевизиондық трансляцияларды және ПФЛК-ТВ жобасындағы трансляцияларды ұйымдастыру жөніндегі кеңестер берілді. Футбол жанкүйерлеріне үлкен әсер туғызатын әлеуметтік желілерге ерекше көңіл бөлінді.
Семинарға қатысушылар ойын алдындағы баспасөз мәслихатын және ашық жаттығуларын қалай өткізілетінін өз көзімен «Астана» мен «Қайрат» клубтарының үлгісінде көре алды.
- Маған семинар өте ұнады, - дейді «Оқжетпестің» баспасөз хатшысы Яна Хабибуллина. – Ол жоғары деңгейде өтті деп санаймын. Әсіресе Суперкубок үшін ойынға қатысушы клубтарының ашық жаттығуларын көргеніме ризамын. Семинарда көптеген жаңа нәрселерге үйрендім. Сонымен, білімімді өз жұмысымда қолданамын деген шешімге келдім.
«Шахтер» клубының баспасөз хатшысы Айнара Сыздықова футболға бірнеше жыл қызмет атқарып, көптеген жетістіктерге жетті.
- Осы шара жұмыс және де достық атмосферада өтті, - дейді Айнара. – ҚКФЛ және футбол клубтарының қызметкерлері арасында жемісті әңгіме шықты. Көптеген керек нәрселер талқыланды. Мысалы, Регламенттегі өзгерістерге көп көңіл бөлінді. Осындай семинарлар жиі өткізілетініне сенімдімін, себебі мұндай шаралар баспасөз хатшылардың жұмысын жақсартады.
Семинардың соңында қатысушылар Суперкубок үшін ойынға барып, футбол ойынын ұйымдастырудың көптеген жұмыс сәттерін өзіне белгіле алды.
фото - Сергей Надточей