Астанада ҚКФЛ-дың Жалпы жиналысы өтті
Кезекті жиналысқа қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылады. Ең маңызды мәселенің бірі - Премьер-Лигадағы командалар саны.
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Жұмыс тобының дәлелдеріне сүйене отырып, жоғары лигада 12 команданы қалдырды. 2017 жылы чемпионат үш айналымдық жүйемен өткізіледі. Үшінші айналымдағы матчтар Бергер кестесі бойынша құрастырылады.
Трансферлік кезең мезгілі бекітіліпті – 11 қаңтардан бастап, 3 сәуірге дейін жалғасады.
Сонымен қатар, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының бюджеті бекітілді.
ҚКФЛ өткізетін жарыстардың Регламентіне өзгерістер және толықтырулар еңгізілді.
Сергей Куцов және Вячеслав Котлярдан ҚКФЛ-ға түскен өтініші қарастырылып, оң жауап айтылды. 2017 жылдан бастап, Қазақстан футболы шәкірттерінің тізімі ұлғайтылды. Оған жаңа ереже еңгізілгенге дейін Қазақстан азаматтығын алған ойыншылар кірді.
2017 жылы Суперкубок үшін ойын Алматы қаласында өтеді.
ҚКФЛ құрамында футбол алаңдарының сапасын бақылайтын Комиссия құрылды. Оның төрағасы ретінде ҚКФЛ-дың Спорт директоры Павел Демян, ал оның орынбасары – ҚФФ-ның Бас менеджері Игорь Утробин сайланды. Комиссияның толық құрамы клубтардың өз кандидатураларын ұсынғаннан кейін белгілі болады.
Комиссияның қызмет бабына алаңдардың матчтарға дайындығына баға беруі де кіреді. Егер алаң сапасының деңгейі ойын үшін жарамсыз болса, Комиссия матчты өткізбеу туралы немесе басқа күнге көшіруге ұсыныс жасай алады.