KZ
KZ RU
20 желтоқсан 2013 20:42

Астанада TMS жүйесін енгізу бойынша семинар өтті

20 желтоқсан 2013 20:42

— Семинар жаңа қызметкерлер мен тәжірибелі мамандарға да бірдей арналған. Бұл халықаралық трансферлер бағдарламасы. Яғни, футболшылардың трансферлерін жүзеге асыратын жүйе. Аталмыш жүйені енгізудің басты мақсаты — футболшылардың трансферлері кезіндегі жұмысты жеделдету және трансферлік жұмыстардың ашық болуы. Негізі, Қазақстанда бұл жүйенің жұмыс істеп келе жатқанына төртінші жыл болды. Премьер-лига мен Бірінші лиганың мамандары осы он-лайн платформаның жұмысын жақсы біліп алған. Дегенмен, біліктіліктерін шыңдап тұру үшін осындай семинарлардың қажет екені айтпаса да түсінікті. Әдетте, мұндай семинарларды жылына 2-3 рет ұйымдастырып тұрамыз. Біздің білім беру бағдарламаларымыз Қазақстан клубтарына трансферлік жұмыстарды жарқын жүргізуге керемет мүмкіндік береді, - деді TMS FIFА бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Әзиз Бисенов.