KZ
KZ RU
06 желтоқсан 2012 22:23

Астанада УЕФА Конгрессі өтеді

06 желтоқсан 2012 22:23

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының ең ірі, ең маңызды да, негізгі жиыны болып табылатын УЕФА Конгрессі жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Дәстүр бойынша УЕФА Конгрессін ұйымдастырушы елдің басшыларының бірі ашады. Конгресстің құзыретіне Еуропа футболын дамытуға байланысты ұйымдастырушылық, қаржылық сынды көптеген маңызды шешімдерді қабылдаудан бөлек, УЕФА Президенті мен УЕФА Атқару комитетінің мүшелерін сайлау кіреді. 

     Қазақстан ТМД елдері арасында аталмыш Конгрессті қабылдайтын алғашқы ел.

    Айта кетейік, келесі жылы УЕФА Конгрессі Англия астанасы Лондонда мамырдың 14-інде өтеді. 2014 жылы Конгрессті Қазақстан қабылдаса, 2015 жылы Аустрия астанасы Венада ұйымдастырылады. Ал УЕФА Атқару комитетінің келесі отырысы 2013 жылдың 25 қаңтарында Швейцарияның Ньон қаласында өтеді деп жоспарланған.