KZ
KZ RU
23 шілде 2018 16:23

«Астананың» ықтималды қарсыласы анықталды

23 шілде 2018 16:23
Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
 
«Астана» футбол клубы екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Данияның «Митьюлланд» командасынан басым түссе, үшінші айналымда «Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) жұбының жеңімпазымен кездесуі ықтимал.
 
Қостанайлықтар алғашқы ойында өз алаңында, ал алматылықтар сырт алаңда ойнауы мүмкін. 
 
Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 7-8 тамызға, қарымта кездесулері 14 тамызға белгіленген. 
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы еурокубок жолында сынға түсетін «Астанаға» сәттілік тілейді!