KZ
KZ RU
03 ақпан 2017 18:06

Атқарушы Комитеттің кезектен тыс отырысы өтті

03 ақпан 2017 18:06

«Алтай» футбол клубының сертификация жүйесіне қатысты ерекше шешім қолдану туралы өтініші қарастырылды.

Нәтижесінде Атқарушы комитет сертификация жүйесін қолдануға рұқсат бермей, «Алтай» футбол клубы Чемпионат қатысушылары құрамынан шығарылды. Аталған клуб сертификация шарттарын орындамады (клубтар арасындағы Екінші Лиганың Біріншілігіне қатысу үшін заңды тұлғаның құрамында футбол орталығы мен жастар командасы болуы керек және аймақтық футбол федерациясында 3 жылдық мүшелігі жоқ). Босаған орынға Чемпионаттың ережелеріне сай 2016 жылдың маусымында «өтпелі» кезеңге қатысқан «Тараз» футбол клубы бекітілді.

Премьер-Лига клубтары арасындағы Чемпионаттың, Бірінші және Екінші Лигалардың клуб/командалар арасындағы Біріншіліктің қатысушылар құрамы бекітілді.

2017 жылдың маусымындағы кәсіби футбол клубтар арасында өтетін жарыстардың тәртібі бекітілді (Чемпионат, Бірінші және Екінші Лига клуб/командаларының арасындағы Біріншілік, ҚР Кубогы).

2017 жылдың маусымындағы кәсіби футбол клубтар арасында өтетін жарыстарының күнтізбелері бекітілді  (Чемпионат, Бірінші клуб/командаларының арасындағы Біріншілік).

ҚФФ баспасөз қызметі