KZ
KZ RU
28 наурыз 2016 14:26

АТЫРАУ-ТОБОЛ МАТЧЫНЫҢ КҮНІН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ҚКФЛ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

28 наурыз 2016 14:26
Алғашқыда осы матчтың күнін ауыстыру туралы мәселесін «Атырау» футбол клубы 17-шы наурыз күні көтерген болатын. Клуб басшылығы Атырау қаласындағы ауа райының нашар болуына және «Судоремонтник» стадионының алаңын  матчқа дайындаудың мүмкін еместігіне байланысты осы матчтың күнін ауыстыру туралы ұсынысымен ҚКФЛ-на жүгінген еді. ҚКФЛ клуб берген бейне-материалдарды қарастырып, аталмыш матчты ауыстыруға келісетінін айтып, клубтан матчты ауыстыру туралы ресми хабарламасын және қалыптасқан жағдай туралы «Тобол» ФК-на хабарлауыды сұрады. «Тобол» ФК-ы қалыптасқан жағдайға түсінушілікпен қарап, матчты мүмкін ауыстыруға келісімін берді.
 
Алайда, осы күні «Атырау» ФК-ы стадионды дайындау бойынша барлық қажетті шараларын қабылдауға дайындығын көрсетіп, матчты ауыстыру туралы сұрауын қайтарып алған болатын. «Тобол» ФК-на осы жағдай туралы тез арада хабарланды.
 
«Тобол» ФК-ы Атырау қаласында өтетін ойынға 18-ші наурыз күні аттануы керек еді. Алайда, ауа-райының нашар болуына байланысты рейсті келесі күнге ауыстырды. Бірақ, «Тобол» ФК-ы ұшатын рейс 19-шы наурыз күні де шығарылмай, кейінгі мерзімге қалдырылды. Осыған орай, «Тобол» ФК-ы ҚКФЛ жүгініп, Қостанай қаласындағы әуежайдан және «Авиа-Жайнар» АҚ-нан растайтын құжаттарды қоса берді.
 
19-шы наурыздың бірінші жартысында ҚКФЛ-ы «Атырау» - «Тобол» матчын басқа күнге ауыстыру шешімін қабылдады.
 
ҚКФЛ-ы «Тобол» ФК-ның әрекеттері қасақана жасалды деп санамайды да, матч күнін ауыстыру – қалыптасқан жағдайдағы ең тиімді шешім деп санайды. Оған қоса, Чемпионат күнтізбесі осындай ауыстыру жасауға мүмкіндік береді. ҚКФЛ-ы «Тобол» ФК-ның футболшыларының, бапкерлерінің және ұжымы қызметкерлерінің өмірлерін тәуекелге салып, матчты 19-шы наурызда өткізуге көндіруде қажетсінбеді.
 
Матчтың жаңа күні жуырда тағайындалып, ҚКФЛ «Атырау» - «Тобол» матчы қызықты, жарқын болып өтіп, екі команданың да жанкүйерлерінде көп жағымды әсерлер қалдырады деп сенеді.