12 сәуір 2017 18:35
Атыраудағы «Судоремонтник» стадионы матчтарды қабылдауға жарамсыз
12 сәуір 2017 18:35
Технологиялық зерттеу процесі алаңдарды сертификациялау саласында тәжірибесі мол «LABSPORTKZ» компаниясымен өткізілді.
Зерттеу барысында арнайы құрылғының көмегімен алаң сапасының функционалдық көрсеткіштерінің өлшемдері жасалды. Солардың ішінде түзулік, сандалақтау, доптың вертикальді кері серпілісі, алаң торабының иілгіштігі мен шымырлығы, жарақат алып қалмау қауіпсіздігіне әсер ететін жасанды төсеніштердің беріктігі кіреді.
Нәтижесінде, ФИФА-ның жасанды алаңдарға қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін көрсеткіштер анықталып, ҚКФЛ Комиссиясы Атырау қаласындағы «Судоремонтник» стадионының алаңы ҚКФЛ ұйымдастыратын матчтарға 13 сәуірден бастап жарамсыз деген шешім қабылдады.
Басқа жаңалықтар