KZ
KZ RU
24 маусым 2011 16:13

Авдеев «Востоктан» кетті

24 маусым 2011 16:13

Еліміздің мықты футболшыларының бірі 38 жастағы Авдеев бұдан былай «Восток»-тың құрамында ойнамайды. Клуб басшылығы мен футболшының өзі ортақ шешімге келіп, келісімшартты тоқтатты. Енді Авдеев тәуелсіз агент.
Бұған дейін «Восток» құрамынан шабуылшы Евгений Лунев, қорғаушы Владимир Седельников, сондай-ақ бас бапкер Вахид Масудов кеткенін еске саламыз. «Восток» олардың орнына украиндық маман Александр Голоколосовты, жартылай қорғаушы Александр Згурды және қорғаушы Антон Молтусиновты шақырған.