KZ
KZ RU
01 ақпан 2013 15:33

Аверченко «Қайратта» сынақта

01 ақпан 2013 15:33

     «Есіл-Богатырь», «Ақтөбе», «Тобыл» және «Жетісу» клубтарының бұрынғы ойыншысы бүгін "Қайрат" сапына қосылды. Тіпті бір жолдастық кездесуге қатысып та үлгерді. Евгений Одессаның "Черноморец" клубына қарсы кездесуге қатысты.

      Айта кетейік, өткен маусымды "Тобыл" сапында бастаған жартылай қорғаушы жазда "Жетісу" сапына ауысып, екінші маусымды талдықорғандық клубтың қатарында өткізген болатын.

Негізі, Аверченко "Қайрат" футбол клубының қатарына өткен жылы қосылуы мүмкін еді. Алайда ол кезде қос тарап қаржылық жағынан келіспей қалған.


Автор: Қайсар Ғабитов

sports.kz