KZ
KZ RU
29 қараша 2021 17:52

Айдос Таттыбаев — 2021 жылғы OLIMPBET-Қазақстан Кубогының үздік сұрмергені

29 қараша 2021 17:52

OLIMPBET-Қазақстан Кубогы аяқталды. Алматылық «Қайрат» аталмаш жүлдені өз тарихында 10 рет жеңіп алды.

Қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Айдос Таттыбаев жарыс қорытындысы бойынша үздік сұрмерген атанды. Финалда ол маусымдағы 9 голын соқты.  

Үздіктер тізімінде екінші орынды финалда қанжығасын майлаған тағы бір ойыншы Артур Шушеначев  орналасты. Ол 6 рет нәтижелі соққы жасады.

Үздік үштікті екі ойыншы қорытындылады - №8 БЖМОРСМ сапында ойнап, көзге түскен Эльмар Набиев және «Қайрат» шабулышысы Вагнер Лав. Қос ойыншы 5 голдан соқты.