KZ
KZ RU
16 қазан 2017 19:03

Қайрат ФК - 2017 жылғы ҚР Кубогының иегері!

16 қазан 2017 19:03
"Қайрат" футбол клубы, "Атырауды" 1:0 есебімен жеңіп, футболдан ҚР Кубогының иегері атанды.
 
"Қайрат" - "Атырау" - 1:0 (0:0)

Гол: Гоу Жерар 70 (1:0) .

Алаңнан қуылу: Гоу Жерар (алмасқаннан кейін)
"Қайрат": Плотников Владимир, Исаэль Барбоза, Аршавин Андрей, Гоу Жерар (Анене Чума Энеке Уче 86), Арзо Ампоста Сесар, Элек Акош, Бато Шелдон, Ахметов Елдос (Соколенко Александр 65), Суюмбаев Гафуржан, Исламхан Бауыржан (к), Парагульгов Магомед (Балтабаев Ойбек 90+1).
Қосалқы ойыншылар: Покатилов Стас, Вороговский Ян, Рудосельский Тимур, Куантаев Ермек, Лунин Станислав,
"Атырау": Нарзикулов Жасур, Джокич Йован, Двалишвили Владимир (Саломов Шавкат 80), Лобжанидзе Уча, Сикимич Предраг, Аблитаров Ризван, Максимович Новица, Абдрахманов Эльдар, Хайруллин Марат (к), Чичулин Антон (Тажимбетов Дауренбек 86), Сергиенко Эдуард (Сулей Алишер 80.).
Қосалқы ойыншылар: Пасеченко Андрей, Обшивач Юре, Калмуратов Куаныш, Эсатов Руслан, Кайраллиев Даурен, Коробов Захар,
Төрешілер: Артем Кучин (Карағанды), Алибек Аубакиров (Астана), Дмитрий Будниченко (Екібастұз) . Қосалқы төреші: Юрий Тихонюк (Ақтөбе). Бас төрешінің қосымша көмекшілері: Марат Искаков (Астана), Тимур Кумашев (Астана).
14 қазан, 2017, 19:00 . Ақтөбе қ., Орталық стадион. 10400 көрермен.
 
 
Ойын басталысымен кездесудегі басымдылықты алаң иелері көрсетті. Алматылықтар ойын басталысымен алғышқы 10 минутта жылдам голға үміт артып, ширақ қимылдай бастады. Бірақ Нарзикулов қорған қақпаның алдында қауіпті сәттер болмады.  
 
Атырулықтардың қатысуымен өткен алғашқы шабуыл кездесудің 14 минутында орын алды. "Мұнайшылардың" шабуылшысы Предраг Сикимич қақпаға жақындамай соққы жасады, бірақ Плотников бұл допты қайтарды.
  
Үш минуттан кейін Жерар Гоу күтпеген жерден Нарзикуловпен бірге бір шықты, алайда атыраулық қақпашы африкалық ойыншыдан ширақ қимылдап, допты алаң шиегінен шығарып жіберді. Содан соң Аршавин қонақ команданың айып алаңында Жасур қорғаған қақпаның төменгі бұрышына соққы бағыттады - Нарзикулов бұл жағдайда да допты қайтара алды.
 
  
19-шы минутта "Қайрат" бұрыштама добына ие болды. Стандарттан шығарылған доп Арзоның аяғына дарыды, бірақ испандық қорғаушы бағыттаған соққыны қақпа сызығынан Эльдар Абдрахманов қайтарып жіберді.    
 
Алматылықтар басымдылық қөрсетуді жалғастырды. Ойындағы жағдайдың бірінде Парагульговте гол соғуға тамаша мүмкіндік болды, бірақ Нарзикулов бұл доптыда қайтарды.
 
25 минуттан кейін ойын екпіні төмендеді. "Қайрат" футболшылары ойын тізгінін ұстауға тырысты, ал "мұнайшылар" қарсы шабуылға үміт артты.  
 
Бірінші таймның аяғында есепті ашуға тамаша мүмкіндік "Атырау" шабуылшысы Двалишвилиге бұйырды - грузин ойыншысы сүйір бұрыштан Плотников қақпасына допты дарыта алмады.
 
  
Екінші кезең бір команданың басымдылығымен басталды деп айтуға қиын.
 
57 минутта бірінші қауіпті сәтті атыраулықтар ұйымдастырды. Новица Максимович қақпаны 25 метрден көздеді, бірақ теңбіл доп қақпа маңдайшасынан қиыс кетті.
 
"Қайрат" 10 минуттан кейін жауап қайтарды. Парагульгов тамаша сәтте қақпаның төменгі бөлігін көздеді, алайда қақпашы шапшаң қимылдай білді.
 
Кездесудің 70 минутында ойындағы жалғыз гол соғылды. "Атырау" қақпасының маңынды болған сәтте, ойынға жаңадан қосылған Соколенко Гоуға пас беріп үлгерді, жалғыз қалған Жерар допты Нарзикулов қорғаған қақпаның арғы бұрышына көздеді - 1:0.  
 
 
Шамалы уақыттан кейін Парагульговта есепті еселеуге мүмкіндік болды, бірақ жас футболшы допты қақпаға дәл бағыттай алмады.
 
82-ші минутта "Атырауда" есепті теңестіруге тамаша мүмкіндігі болды. Оң қапталдан келген шабуылдың нәтижесінде он бір метрлік нүктеде тұрған Хайруллин соққы жасады, бірақ бұл сәттің қаһарманы болып Плотников танылды.
 
Кездесуге қосылған минуттарда Аршавинда екенші гол соғуға жақсы сәт болды, бірақ "Қайраттың" жұлдызы "Атырау" қақпашысын алдап кете алмады.

Осы мүмкіндіктен кейін ойынның бас төрешісі Артем Кучиннің ысқырыға шалынды. Алматылық "Қайрат" футбол клубы жаңартылған Қазақстан Кубогының иегері атанды.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Қайрат" футбол клубын 2017 жылғы маусымның ҚР Кубогының иегері атануымен құттықтайды!