KZ
KZ RU
19 қыркүйек 2023 12:50
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Қайрат Нұрдәулетов - OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік бапкері

19 қыркүйек 2023 12:50
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері арасында 2023 жылғы маусымның тамыз айындағы үздік бапкерін анықтау үшін сауалнама өткізді.
 
«Мақтаарал» командасының және Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов әріптестерінің қолдауына бөленіп, өткен айдың үздік бапкері атанды. Қайрат Жұмабекұлы төрт дауыс жинады.
 
Нұрдәулетовтың басшылығымен «Мақтаарал»тамыз айында «Жетісу» мен «Шахтер» командаларынан басым түсті. Аталмыш нәтижелер арқасында олар турнир кестесіндегі жағдайларын жақсартты.
 
Сауалнамада екінші және үшінші орындарды «Ордабасының» бапкері Александр Седнев пен «Қызылжардың» бапкері Али Алиев өзара бөлісті.
 
Кім кімге дауыс берді: