KZ
KZ RU
27 сәуір 2018 10:48

Қазақстан Чемпионатының 22 турындағы «Ақжайық» - «Астана» матчының мерзімі өзгерді

27 сәуір 2018 10:48
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига клубтары арасында 2018 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының ХХII турындағы «Ақжайық» - «Астана» матчының мерзімі турнир ережесінің 5.19.4 тармағына сәйкес өзгертілгені жөнінде хабарлайды.
 
Еуропаның клубтық турниріне қатысатын Қазақстанның өкілдері Чемпионаттың матчтарын ойын күнтізбесіне арнайы белгіленген уақытқа ауыстыру жөнінде Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына ұсыныс тастай алады.
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігіне «Астана» футбол клубынан команданың УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына жоғарыда көрсетілген матчты 2018 жылдың 11 тамызынан 23 мамырына ауыстыру жөнінде ұсыныс түсті.
 
«Ақжайық» футбол клубы елордалық команданың ұсынысына қарсы емес екенін дәлелдеді. Осыған байланысты, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі «Ақжайық» - «Астана» матчын 23 мамырға ауыстыру жөнінде шешім қабылдады.