KZ
KZ RU
19 шілде 2012 15:27

Қазақстан футбол федерациясы және Неміс футбол одағы (DFB) серіктестік меморандумына қол қойды

19 шілде 2012 15:27

Өзара келісім серіктестігінің нәтижесі екі жақтың да көңілінен шықты. 
Жаңа меморандум балалар-жасөспірімдер футболы, құрама командалар институты, жаттықтырушыларды үйрету, матчтарды ұйымдастыру және барлық деңгейдегі турнирлерді ұйымдастыру мәселелерін өз аясына сидырады.
 

Неміс футбол одағы тарапынан келісімге DFB президенті Вольфганг Ниерсбах және DFB бас хатшысы Гельмут Сандрок қол қойса, Қазақстан тарапынан ҚФФ-тың бірінші вице-президенті Саян Хамитжанов қол қойды.

«Неміс серіктестерімізбен серіктестігіміз көңілімізден шыққандықтан біз DFB-мен келісімшартымызды ұзартамыз. Бұл серіктестіктің нәтижесінде Қазақстанда балалар-жасөспірімдер 2012-2020 концепциясы жасалған болатын. Бұл оқу-әдістемелік база неміс теориясы мен практикалық жұмысының негізінде құралған. Енді жаңа меморандумның аясында келесі аптада  Қазақстанға балалар және жасөспірімдер футболының неміс мамандары ұшып келіп, балалар жаттықтырушылары мен футбол орталықтарының техникалық директорларына семинарлар өткізуі керек. Біздің бірлескен жобаларымыздың аясында жақындасып кеткеніміз соншалық, біз неміс әріптестерімізбен достық қарым-қатынастамыз».