25 сәуір 2018 07:00
Қазақстан футболының күнімен!
25 сәуір 2018 07:00
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы барлық жанкүйерлерді Қазақстан футболының күнімен құттықтайды.
2002 жылдың 25 сәуір күні Швеция астанасы Стокгольмде өткен УЕФА Конгресінде Қазақстан ресми түрде Еуропа футбол қауымдастықтарының одағына қабылданды. Отандық футбол тарихының жаңа кезеңі осы маңызды оқиғадан басталды. Біздің футболшылар Еуропа ареналарында кәрі құрлықтың мықты ұжымдарына қарсы тұрды.
Бүгін Қазақстанда футбол даму жолын жалғастырып, оның өрлеуіне мемлекет пен қоғам назары маңызды рөл атқарып келеді.
Барлық футбол жанкүйерлеріне үлкен спорттық жеңістер тілейміз! Денсаулық, бақыт және қазақстандық клубтар мен ұлттық құрама ойындарынан тамаша әсер алуларыңызға тілекшіміз!
Басқа жаңалықтар