KZ
KZ RU
29 маусым 2018 17:55

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы футбол клубтарының жетекшілерімен онлайн-конференция өткізді

29 маусым 2018 17:55

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі Лига мүшелері – Премьер-лига клубтарының мүшелерімен онлайн-конференция өткізді.

Онлайн-кездесуде бірқатар мәселе талқыланды. 2018 жылдың 4-31 шілде аралығына белгіленген екінші трансферлік тіркеу маусымы кезеңінде құжаттарды тапсыру сұрақтарына көп көңіл бөлінді.

Жиынға қатысушылар 2019 жылғы маусымдағы Қазақстан Чемпионаты мен Біріншілігінің ресми добына қатысты сұрақтарды талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық футболдың тәрбиеленушілері саналмайтын футболшылардың жас ерекшеліктеріне шектеу енгізу сұрақтары қозғалды.

Онлайн режимде Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мен Лига мүшелері барлық өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырды.