KZ
KZ RU
18 мамыр 2018 17:32

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы «Кері байланыс» қызметін іске қосты

18 мамыр 2018 17:32
Құрметті футбол жанкүйерлері!
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ресми сайтында арнайы «Кері байланыс» бөлімінің енгізілгенін хабарлайды.
 
Аталған қадам футболдан Қазақстан Чемпионатының матчтарын қарайтын еліміздің мыңдаған жанкүйерлері мен Лига әкімшілігінің арасындағы қашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді.  
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы әрдайым қоғаммен диалог құруға дайын. Бүгін pflk.kz сайтында арнайы блогтың ашылғанын жариялаймыз. «Сұрақ-жауап» форматында барлық жанкүйерлерге Лиганың жұмыстарына қатысты сауалдарға үн қатамыз.
 
Матчтарды ұйымдастыру, жарыс ережелері, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, әлеуметтік желілер, коммерциялық қызмет. Осы бағыттағы біздің қызметтерге қатысты өзекті әрі нақты сұрақтарға жауап береміз.
 
Осы бастама жанкүйерлер арасында жағымды пікір қалыптастырып, алдағы уақытта сұрақ-жауап платформасы арқылы футбол сүйер қауыммен құрылымды диалог жүргіземіз деп үміттенемін.
 
Құрметпен,
Олжас Абраев
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті