KZ
KZ RU
21 тамыз 2018 12:48

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Нүркен Мазбаевты марапаттады

21 тамыз 2018 12:48

«Тараз» футбол клубының бас бапкері Нүркен Мазбаев Бірінші лиганың 24-турындағы «Байқоңырмен» өтетін ойын алдында «Шілде айының үздік бапкері» марапатын алды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига клубтарының бас бапкерлері арасында ұйыдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша өткен айдың ең үздік бас бапкері атағын Нүркен Мазбаев иеленген болатын.

Естелік сыйлығын Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының спорт директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыс етті.

Нүркен Мазбаев жетекшілігімен «Тараз» футбол клубы шілде айында төрт ойында жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Доп айырмашылығы - 13:2.