KZ
KZ RU
12 ақпан 2019 10:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ұялы қосымшасын іске қосты

12 ақпан 2019 10:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ресми мобильді қосымшасын іске қосылғанын хабарлайды. 

 
Жаңа жоба аясында қолданушылар Қазақстан Чемпионатының матчтарындағы өзгерістер туралы жылдам хабарлама ала алады. Сонымен қатар, Бірінші және Екінші лиганың статистикалық мәліметтерімен танысады. Лига ұйымдастыратын жарыстардың соңғы жаңалықтарын оқи алады. 
 
Мобильді қосымшаны  iOS базасында App Store және Android базасында Google Play дүкендерінен жүктеп алуға болады.