KZ
KZ RU
25 сәуір 2018 09:48

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының кезекті Жалпы жиыны өтті

25 сәуір 2018 09:48

Басқосуда Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мен Ревизиялық комиссияның жаңа мүшелері сайланды. Лиганың құрамына «Ақсу» және ЦСКА футбол клубтары енді.

Сонымен қатар, футбол клубтары 2018 жылғы трансфер кезеңінің екінші тіркеу мерзімін бекітті. Трансфер мерзімі 2018 жылдың 4-31 шілде аралығына белгіленді.

Жиынға қатысушылар Қазақстан футбол федерациясының Құрама командалар департаментінің Премьер-лига клубтары арасында 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионатының XXV турының матчтарын 2018 жылдың 31 тамызынан 26 қыркүйекке ауыстыру жөнінде ұсынысын қарастырды.

Бұл сұрақ бойынша оң шешім Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің қаралымына жіберілді.