06 қыркүйек 2019 17:45
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кезекті Жалпы жиыны өтті
06 қыркүйек 2019 17:45
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кезекті Жалпы жиыны өтті.
Басқосуға қатысушылар жаңа маусымға қатысты бірқатар өзекті сұрақтарды қозғады. «Тикетон» компаниясының мамандарымен Премьер-лига ойындарына электронды билеттерді сатудың бірыңғай жүйесін енгізу мәселесі талқылады. Жоба чемпионаттың беделін көтереді және жанкүйерлер үшін қолайлы болмақ.
Сонымен қатар, Hawk-Eye және EVS компаниясының өкілдері төрешілердің видео көмекшісі - VAR жүйесі тақырыбын көтерді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жобаны Қазақстанда енгізу үшін барлық құжаттарды клубтардың талқылауына қалдырды.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиынына алғаш рет Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты. Дәурен Әскербекұлы футболдан Қазақстан Чемпионатының матчтарын телеарнада көрсету мәселесіне тоқталып, Лига мен «Қазақстан» РТРК арасындағы келіссөздерде бір тоқтамға келуді ұсынды. Футбол клубтары бұл бастаманы қолдап, «QAZSPORT» телеарнасымен 2019 жылғы маусымның қалған бөлігі мен 2020 жылғы маусымға қатысты жаңа келісімге отырды.
Жиынның спорттық бөлігінде футбол клубтарына келесі маусмының күнтізбесінің жобасы таныстырылды. Лига мүшелері турнирдің мерзімі мен ойын кестелерінен хабардар болды.
Сонымен қатар, Премьер-лига клубтары арасында Қазақстан Чемпионатының жарыс ережесіне бірқатар толықтырулар енгізу ұсынылды:
- «Клуб түлегі» түсінігін енгізу, бұл тізімге 12-21 жас аралығында 3 маусымды толық өткізген футболшылар енеді;
- Жаңа маусымның толық күнтізбесі. Үшінші айналымның ойын кестесі турнир кестесінің жағдайы арқылы түзеледі;
- Футбол алаңдарын ойынға дейін және үзілісте суаруды реттеу, сонымен қатар, табиғи газонның шөбінің биіктігін ережеге енгізу;
Жаңа маусымқа қатысты енгізілген өзгерістер Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында қаралады.
Басқа жаңалықтар