KZ
KZ RU
08 тамыз 2018 07:32

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Құрметті қайраткері Михаил Гурманды туған күнімен құттықтаймыз!

08 тамыз 2018 07:32

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы отандық клубтардың атынан Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Құрметті қайраткері, кеңес және қазақстандық футболдың ардагері Михаил Гурманды 65-жылдық мерейтойымен құттықтайды!

Өмірін футболға арнаған Михаил Ильич футболшы мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, әлі күнге дейін отандық футболдың дамуына баға жетпес үлес қосып келеді.

Еліміздегі кәсіби футболдың дамуына үлес қосқаны үшін Михаил Гурман Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Құрметті қайраткері атағына ие болған еді.

Мерейтой иесіне зор денсаулық, мол байлық және отбасылық бақыт тілейміз!