KZ
KZ RU
18 қаңтар 2019 16:36

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиыны өтті

18 қаңтар 2019 16:36
Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелерінің Жалпы жиыны өтті.
 
2019 жылғы маусымға қатысты бірқатар тақырыптар талқыланған жиын алғаш рет Футбол үйінің қабырғасында өтті.
 
Жиын алдында Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин еліміздің әр өңірінен келген меймандарға жабық манежді көрсетіп, футбол кешенін аралатты.
 
Бағдарлама бойынша басқосу 2018 жылғы Лига ұйымдастырған жарыстарды қорытындылаудан басталды. Сонымен қатар, 2019 жылғы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Техникалық ережесі мен жаңа маусымның ресми добы (Adidas «Conext 19) бекітілді.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері «Ордабасы» футбол клубының құрылымында жасақталған Бірінші лиганың командасын 2019 жылғы жарыстарға қатысушылардың қатарына қосты. Сонымен қатар, елордалық СДЮСШОР №8, «Арыс» және «Академия Оңтүстік» футбол клубтарының негізгі командалары Бірінші лигаға ауысуына байланысты, жастар командаларын 2019 жылғы маусымда Екінші лигаға қатысу жөніндегі өтініштері қабылданды.
 
Отандық клубтың жетекшілері Серік Жейлітбаевті еске алуға арналған дәстүрлі сыйлықтың (Қазақстан Чемпионатынад ең көп ойын өткізген футболшы) иегерін бекітті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Қайсар» жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов жүлдеден үмітті.
 
Премьер-лига матчтарының күнтізбесінің құрылымы мен 2019 жылғы жарыстардың ережелерінің жобаларындағы кейбір өзгертулер де футбол клубтарының жетекшілерімен келісілді. Жаңа маусым 3 наурыз күні «Астана» мен «Қайрат» арасында өтетін Қазақстан Суперкубогымен басталады. 2019 жылғы Қазақстан Чемпионатының алғашқы туры 9-10 наурызда ойналады. Премьер-лига матчтарының күнтізбесінің жеребесі ақпан айында тартылады.
 
Басқосуда Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев, Техникалық орталықтың директоры Арсен Іңкәрбеков, Құрама командалар департаментінің директоры Иван Азовский және InStat компаниясының жетекшісі Денис Бурунов қатысушылардың сауалдарына жауап берді.