KZ
KZ RU
06 қаңтар 2016 14:47

Қазақстан клубтары жаңа футбол маусымына дайындық жүргізуде

06 қаңтар 2016 14:47

«Астана» демалыстан қаңтардың 10-ы күні шығады. Сол уақытта астаналықтар Біріккен Араб Әмірлігі еліне бармақ. Сол жиында ел чемпиондары бірнеше бақылау ойындарын өткізеді.

«Қайрат» футбол клубы үш оқу-жаттығу жиынын жоспарлады. Соның біріншісі қаңтардың 9 күні басталмақ. Осы жиынды қайраттықтар Алматыда, жаңа базасында өткізеді. Қаңтардың ортасында алматылықтар Түркияға аттанып, сонда өзінің екінші  оқу-жаттығу жиынын өткізбек.

«Ақтөбе» өз бірінші шетелдік оқу-жаттығу жиынын қаңтардың 9 күні, Түркияда бастайды. Осы жиын айдың соңына дейін созылмақ.

«Ордабасы» бірінші шетелдік оқу-жаттығу жиынын Түркиядағы Анталия курортында бастайды. Жаттығулар қаңтардың 9-нан бастап, 30-на дейін өтеді.

«Атырау» Түркияға қаңтардың 12-і күні аттанып, айдың 28-не дейін оқу-жаттығу жиынын өткізбек.

«Ертістің» бірінші оқу-жаттығу жиыны да қаңтардың 8 күні Түркияда басталады. Босфор жағалауында павлодарлықтар екі аптадан астам болады.

«Тобыл» да қаңтардың 8-і күні Түркияға ұшпақ. Осы елде қостанайлықтар 22-не дейін жаттығулар өткізеді.

«Оқжетпес» БАӘ мемлекетінде өзінің бірінші шетелдік жиынын бастайды. Ол қаңтардың 10-ы күні басталып, айдың 24-не дейін созылады.

«Тараз» футбол клубы әлі өз жоспарлары туралы жариялаған жоқ. Алдағы уақытта тараздықтар оқу-жаттығу жиыны туралы ресми түрде мәлімет бермек.

«Шахтер» бірінші жаттығу жиынын облыс ішінде өткізеді. Ол жиын Сәтбаев қаласында айдың 21-не дейін созылады.

«Жетісу» БАӘ мемлекетінде өзінің екінші жиынын қаңтар айының 12-де бастайды. Жиын ақпан айының біріне дейін созылмақ. Бұдан бұрын талдықорғандықтар туған қаласында жаттығулар өткізді.

«Ақжайық» Түркия еліне қаңтардың 5-де ұшты. Белекте команда 21-не дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.