KZ
KZ RU
30 наурыз 2018 16:24

Қазақстан Кубогы 1/8 финалының жеребесі тартылды

30 наурыз 2018 16:24

Бүгін Астанада 2018 жылғы маусымның Қазақстан Республикасы Кубогының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өткізілді.

Жеребе нәтижесі бойынша келесі жұптар құрылды:

«Қыран» - «Ордабасы»
 
«Шахтер» - «Қызыл-Жар СК»
 
«Мақтаарал» - «Астана»
 
«Тараз» - «Ертіс»
 
«Қайсар» - «Ақтөбе»
 
«Ақжайық» - «Атырау»
 
«Оқжетпес» - «Қайрат»
 
«Тобыл» - «Жетісу»
 
Бұл кезеңнің ойындары бір матчтан тұрады. Аталған кездесулер 2018 жылдың 18 сәуірінде бірінші орналасқан командалардың алаңдарында өтеді.