KZ
KZ RU
09 мамыр 2019 16:47

Қазақстан Кубогының 1/2 финалының жеребесінің қорытындысы

09 мамыр 2019 16:47

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Кубогының 1/2 финалының жеребе тарту рәсімін өткізді.

Жеребе тарту рәсіміне белгілі футболшылар Самат Смақов пен Давид Лория қатысты.
 
Жеребе қорытындысы бойынша финалдың жолдамасына таласатын келесі жұптар анықталды:
 
«Тобыл» - «Қайсар»
 
«Ордабасы» - «Атырау»
 
Сонымен қатар, жеребе қорытындысы бойынша финалды қабылдайтын алаң иелері анықталды. «Тобыл»-«Қайсар» жұбының жеңімпазы ел кубогын қабылдайды.
 
Қазақстан Кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары 22 мамырда, қарымта кездесулері 19 маусымда өтеді.