KZ
KZ RU
31 наурыз 2016 15:07

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ 1/8 ФИНАЛЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ПФЛК-ТВ

31 наурыз 2016 15:07
Жұма күні, 1-ші сәуірде Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Кубогының 2016 жылғы маусымдағы 1/8 финалы жеребеге салынады.
Жеребеге Премьер-Лиганың 12 клубы және Бірінші Лиганың 4 клубы қатысады.
 
Клубтар екі торға бөлінеді. Бірінші торда іріктелген командалар орналасады, олардың ішінде Қазақстан Кубогының жеңімпазы және Премьер-Лиганың 2015 жылғы маусымның нәтижесі бойынша жеті ең мықты клубы кіреді. Екінші торды Премьер-Лига-2015-те 9-шы орыннан бастап 12-ші орынға дейін орналасқан командалар және Қазақстан Кубогы-2016  ойнатылуының алғашқы кезеңінің 1/8 қатысушыларын анықтаған Бірінші Лиганың 4 командасы құрады.
 
«ПФЛК-ТВ» жобасы Қазақстан Республикасы Кубогының 1/8 финалы жеребесінің тікелей көрсетілімін көрсетуді жоспарлайды. Жеребенің басталуы Астана уақыты бойынша 10:00 сағатқа жоспарланды.