KZ
KZ RU
27 наурыз 2019 18:37

Қазақстан Кубогының 1/8 финалының жеребесі туралы ақпарат

27 наурыз 2019 18:37

28 наурыз күні Қазақстан Кубогының 1/8 финалының жеребесін тарту рәсімі өтеді.

1/8 айналымға Премьер-лиганың 12 клубы мен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары «Алтай», «Академия Оңтүстік», «Ақсу» және «Каспий» қатысады.

1/8 айналымының жеребе тарту кезеңінде командалар екі себетке бөлінеді. «А» тобына өткен маусымдағы ел кубогының иегері, сонымен қатар, 2018 жылғы Қазақстан Чемпионатының қорытындысы бойынша мықты жеті ұжым енеді. «В» тобында турнир кестесіндегі қалған командалар мен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары бар. Бірінші және Екінші лига командалары ойындарды өз алаңында қабылдайды.
 
1/8 финал 10 сәуір күні өтеді және бір матчтан тұрады. Негізгі уақытта жеңімапз анықталмаса, онда 2 қосымша тайм беріледі. Әрі қарай матч соңындағы пенальти сериясында жеңімпаз анықталады.
 
Жеребе тарту рәсімін ПФЛК-ТВ жобасынан қарай аласыздар. Трансляция елорда уақытымен 12:00-де басталады.