KZ
KZ RU
24 ақпан 2020 10:47

Қазақстан Кубогының алдын-ала іріктеу кезеңінің жеребесі

24 ақпан 2020 10:47

Бүгін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымдағы ел кубогының алдын-ала іріктеу кезеңінің жеребесін тартады.

 
Онлайн-трансляция ПФЛК-ТВ жобасында елорда уақытымен 14:00-де басталады. 
 
Қазақстан Кубогының алғашқы іріктеу кезеңіне Бірінші және Екінші лиганың клубтары қатысады: «Оңтүстік академиясы», «Ақжайық», «Ақтөбе», «Алтай», «Арыс», «Атырау», «Қыран», «Мақтарал», ОБЖСОРМ №8, «Екібастұз», «Игілік», «Ақсу», «Рузаевка», «Темірлан», сонымен қатар әуесқой команда - Дидар Сыдықбек ФО;
 
Жеребе қорытындысы бойынша 15 команда төрт топқа бөлінеді. Келесі кезеңге әр топтан бір жеңімпаз шығады. Олар Ел Кубогының 1/8 финалына өтеді. 
 
Қазақстан Кубогының алдын-ала іріктеу кезеңінің ойындары Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде 16-26 наурыз аралығында өтеді.