04 мамыр 2021 14:32
Қазақстан Кубогының бастапқы үшінші кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті
04 мамыр 2021 14:32
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 2021 жылғы маусымның футболдан Қазақстан Республикасы Кубогының үшінші бастапқы кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.
Екінші бастапқы кезеңнің қорытындысы бойынша турнирдің соңғы іріктеу кезеңіне СДЮСШОР №8, «Оңтүстік Академиясы», «Ақсу» және «Мақтаарал» командалары өтті.
Үшінші бастапқы кезеңнің жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша келесі жұптар пайда болды:
СДЮСШОР №8 - «Оңтүстік Академиясы»
«Мақтаарал» - «Ақсу»
Аталмыш кезеңнің жеңімпаздары бір ойын қорытындысы бойынша анықталады және Кубоктың топтық кезеңіне қатысуға мүмкіндікке ие болады. Үшінші бастапқы кезеңнің ойындары 2021 жылдың 21 мамырында жоспарланған.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Басқа жаңалықтар