KZ
KZ RU
05 қараша 2013 15:59

Қазақстан кубогының финалына журналистерге аккредитация бөлу

05 қараша 2013 15:59

Аккредитациядан өтіп арнайы бэйджик алу үшін 5 қарашадан бастап, қарашаның 7-сі сағат 11.00-ге дейін 8(7172) 79-07-88 факсіне немесе erbol-kairov@yandex.ru электронды поштасына өтініш жолдауыңыз керек. Ол өтініш редакцияның арнайы бланкінде толтырылып, бас редактордың немесе редактордың орынбасарының қолы қойылған болуы тиіс. 
 
Аккредитациялық бэйджиктер 2013 жылдың 7-9 қарашасы аралығында ҚФФ-тың Астанадағы кеңсесінде беріледі.
Мекен жайы: Астана қаласы, Сығанақ батыр көшесі 29. 14 қабат.
 
Естеріңізге сала кетейік, "Шахтер" (Қарағанды) мен "Тараз" арасындағы ел кубогының финалдық ойыны 10 қарашада елордамыздың "Астана-Арена" стадионында сағат 16.30-да басталады.