KZ
KZ RU
27 наурыз 2019 18:04

Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңі аяқталды

27 наурыз 2019 18:04

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2019 жылғы ҚР Кубогының іріктеу кезеңінің қорытындысын назарларыңызға ұсынады:

Іріктеу кезеңінің ойындары 19-27 наурыз аралығында Шымкент қаласы мен Түркістан облысында өтті.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Бірінші лиганың 8 командасы, Екінші лиганың 4 командасы және 2 әуесқой ұжым 1/8 финалдың жолдамасын сарапқа салды.
 
«А» тобында 7 ұпай жинаған «Алтай» жеңімпаз атанды. Шығыс Қазақстан облысының футболшылары «Рузаевканы» 4:0, «Екібастұзды» 1:0 есептерімен ұтты. «Қызыл-Жар СК» командасымен өткен ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
 
«В» тобында бірінші орын «Оңтүстік» академиясына бұйырды. Олар үш ойында тоғыз ұпай жинады. Доп айырмашылығын 10-0. Шымкенттік ұжым елордадан келген СДЮСШОР №8 және Дидар Сыдықбек футбол орталығын 2:0 есептерімен жеңсе, «Арыстың» қақпасына жауапсыз алты гол соқты.
 
«С» тобында Қазақстан Кубогының 1/8 айналымына Екінші лиганың өкілі «Ақсу» өтті. Алғашқы ойында Қаратаудың «Игілік» командасымен 1:2 есебіме жол беріп, шешуші кездесуде «Қыраннан» 3:1 есебімен басым түсті.
 
«D» тобына «Ақжайық», «Каспий» және «Мақтарал» командалары түскен болатын. Екі ойынның қорытындысы бойынша төрт ұпай жинаған ақтаулық клуб келесі айналымға шықты. «Каспий» алғашқы ойында «Мақтаралдың» мысын басты – 1:0. «Ақжайықпен» тең тарқасты – 0:0.
 
Қазақстан Кубогының 1/8 айналымына «Алтай», «Академия Оңтүстік», «Аксу» және «Каспий» командалары жолдама алды. Олар Премьер-лиганың командаларына қосылады.
 
Қазақстан Кубогының 1/8 айналымының жеребесі 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жеребе тарту рәсімін ПФЛК-ТВ жобасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы – 12:00 (Елорда уақыты).