KZ
KZ RU
15 ақпан 2019 17:55

Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі

15 ақпан 2019 17:55
18 ақпан күні Астанада 2019 жылғы маусымдағы Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. 
 
Тікелей эфир ПФЛК-ТВ жобасында көрсетіледі. Көрсетілім елорда уақытымен 15:00-де басталады. 
 
Алғашқы іріктеу кезеңіне Бірінші лиганың сегіз клубы қатысады - «Академия Оңтүстік», «Ақжайық», «Алтай», «Каспий», «Қызыл-Жар СК», «Қыран», «Мақтарал» және «Екібастұз», Екінші лиганың төрт командасы – «Ақсу», «Арыс», «Рузаевка» және СДЮСШОР №8 (Астана), сонымен қатар, екі әуесқой ұжым – «Игілік» (Қаратау) және «Дидар Сыдықбек футбол орталығы» (Астана).
 
Жеребе қорытындысы бойынша төрт топ жасақталады. Топ жеңімпаздары келесі кезеңге өтеді. Ел кубогының 1/8 айналымында Премьер-лига клубтары қосылады. 
 
2019 жылғы маусымдағы Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің ойындары 19-27 наурыз күндері Шымкент қаласы және Түркістан облысының алаңдарында өтеді.