KZ
KZ RU
14 ақпан 2018 12:22

Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі туралы

14 ақпан 2018 12:22

16 ақпанда сағат 11:00-де Астанада 2018 жылғы маусымның Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеребе тастау рәсімі өтеді. Іс-шара ҚКФЛ-ТВ арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің қатысушылары:
 
-  Бірінші лигадан 7 клуб: «Алтай», «Каспий», «Қыран», «Мақтаарал», «Оқжетпес», «Тараз», «Екібастұз». Қазақстан Кубогының Регламентінің талаптарына сәйкес «Байқоңыр», «Жетісу Б», «Қайрат А» және «Шахтер-Болат» фарм-командалары жарысқа қатыса алмайды.
 
- Екінші лига 4 клубы: «Оңтүстік» академиясы», «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан», «Рузаевка», «ЦСКА».
 
- 2 әуесқой клуб: «Ак-Бет» (Павлодар қ.) и «СДЮСШОР №8» (Астана қ.), 2017 жылы Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған әуесқой командалар арасындағы жарыстардың үздіктері. Алғаш рет Қазақстан Кубогына әуесқой клубтарды қатыстыру мақсатында былтырғы маусымның үздік командалары шақырылуда.
 
13 команда 4 топқа бөлінеді (А, В, С топтарында – 3 командадан, тобында – 4 команда). 1/8 финалына топтық кезеңнің жеңімпаздары өтеді.
 
Жеребе тарту барысында командалар 2 себетке бөлінеді.
 
Бірінші себетке 2017 жылы Премьер-лигадан шығып қалған екі команда кіреді – «Оқжетпес» және «Тараз». Сонымен қатар, бұл тізімге 2017 жылы Бірінші лига Біріншілігінде жақсы нәтижелер көрсеткен 2 клуб кіреді – «Мақтаарал» және «Қыран».
 
Қалған командалар 2 топқа кіреді: «Оңтүстік» академиясы», «Ак-Бет», «Алтай», «Каспий», «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан», «СДЮСШОР №8», «Рузаевка», «ЦСКА».
 
Бұл кезеңдегі ойындар Оңтүстік Қазақстан облысында 18 және 26 наурыз аралығында өтеді.
 
Ойындар кестесі
18 наурыз
А1 – А3 
 
19 наурыз
В1 – В3, С1 – С3 
 
20 наурыз
D1 – D4, D2 – D3 
 
21 наурыз
А3 – А2
 
22 наурыз
В3 – В2, С3 – С2
 
23 наурыз
D1 – D2, D4 – D3
 
24 наурыз
А2 – А1
 
25 наурыз
В2 – В1, С2 – С1
 
26 наурыз
D3 – D1, D2 – D4